Футбол 25 Тамыз, 2018 (0) (171)

Конголық шабуылшы «Астана» сапында 100 ойын өткізді

УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясындағы АПОЭЛ-ге қарсы кездесу елорда командасының шабуылшысы Жуниор Кабананганың «Астана» сапындағы 100-ші ойыны ретінде тіркелді.

Жуниор еурокубоктерде 37 ойын, ҚПЛ-да 58, Қазақстан Кубогында 4 және Суперкубогында 1 ойын өткізген. Кабананга осы 100 ойында 38 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.

Еске сала кетейік, конголық шабуылшы «Астана» құрамына 2015 жылы қосылып, екі мәрте Қазақстан астанасынан сыртта Түркия мен Сауд Арабиясы чемпионаттарында күшін сынап көрген болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру