Теннис 25 Тамыз, 2018 (0) (249)

«Пинг-понг» ханшайымы кім болады?

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен турнир өтеді

27-28 тамыз ҚР үстел Федерациясының және ҚХР-дың Алматыдағы бас консулдығының қолдауымен «BAURZHAN Foundation» жеке қорының ұйымдастыруымен балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен жарыс өтеді. Бас жүлде – Қытайда болатын кәсіби жаттықтырушылардың шеберлік сыныбына жолдама.

Үздік чемпион атағы үшін Қазақстанның 14 аймағының 30 балалар үйінен 38 тәрбиеленушісі бақ сынасады. Жас спортшы қыздар 9-12 және 13-16 жас аралығында ойнайтын болады. Спорт шыңын бағындырғысы келетін қыз балаларға бұл жарыстың беретіні көп. Олар өз қабілеттерін жетілдіре түсуге және басқа да қатысушылармен жарысып, жаттығу мүмкіндігіне ие болады.

Қатарынан 2 жыл өткізгелі отырған «Пинг-понг ханшайымы» - Қазақстандағы теңдесі жоқ бірден-бір әлеуметтік жоба. Жарыстың кең етек жаю себебі ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапынан Қазақстан спортын жоғарғы деңгейге көтеру ынтасымен түсіндіріледі.

27 тамыз күні сағат 10:00-де ҚР үстел теннисі Федерациясында кәсіби спортшылардың қатысуымен турнирдің салтанатты түрде ашылуы өтеді.

28 тамыз күні сағат 10:00-де чемпионды анықтау мақсатында жарыс ойыны өткізіледі.

«Пинг-понг ханшайымы» - жас қыздардың спортқа деген қызығушылығын оятып, кабілеттерін ашуға көмектесіп, болашақта спорт әлемінде өздерінің орнын таба алатындай жағдай жасайтын әлеуметтік маңызы бар жоба.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру