Футбол 25 Тамыз, 2018 (0) (278)

Давид Лория алматылық "Қайратқа" ауысты

Давид Лория - елдегі ең танымал қақпашы. Бұған дейін ол "Қайратта" ойнап, 2013 жылы ел чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған болатын.

Спорттық мәнсабында Түркия, Швеция, Австралия чемпионаттарында аз да болса доп тепкен футболшы "Қайратқа" қайта келіп отыр. Өзінің айтуынша ол алматылық ұжыммен ҚПЛ-да топ жарғысы келеді. "Қайрат" ФК ресми сайтының хабарлауынша еркін агент ретінде келген 37 жасар ойыншы осы маусым соңына дейін команда сапында ойнамақ. Сондай-ақ Лория ұлттық құрамада 18 жылдан бері ойнады.

Фото: "Қайрат" ФК ресми сайтынан алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру