Сұхбат 24 Тамыз, 2018 (0) (368)

Юрий Мельников: «Ильинге зор сенім артамыз»

Alaman.kz спорт сайты ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Юрий Мельниковпен болған қысқаша сұхбатты назарларыңызға ұсынады

28 тамыз – 2 қыркүйек аралығында ауыр атлетикадан Талдықорған қаласында өтетін ҚР жеке-командалық чемпионаты қарсаңында ұлттық құрама бас бапкері Юрий Мельниковтен турнир туралы сұрадық.

- Ауыр атлетика жанкүйерлеріне Талдықорғандағы Қазақстан чемпионаты туралы не айтасыз?

- Ең алдымен, бұл Ашхабадта өтетін әлем чемпионаты алдындағы және ұлттық құраманың бір жылдық жарыстан шеттетілгеннен кейінгі  ірі жарысы. Әрине, барлық зілтеміршілер әлем чемпионатына барғысы келеді және өз бабын қарашада тексеріп көреді. Ал Жетісу жеріндегі турнирге келетін болсақ, қызықты өтері күмәнсіз, бірақ рекордтардың көп болмайтыны анық. Себебі әлем чемпионатына дейін үш оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз, спортшыларымыз сол жиындарда нағыз бабына келуі тиіс.

- Оқу-жаттығу жиындары туралы толығырақ

- Алғашқы екі  жиын Сочиде өтеді, ондағы ауыр атлетика залында 35 тақтайтұғыр бар. Құрама мүшелері үшін бұл таптырмас жер, ондағы климат  пен басқа жағдайлар өте қолайлы. Дәл сол жерде финалдық байқау өтеді, оның қорытындысы бойынша әлем чемпионатына баратын құрама жасақталады. Үшінші жиын Шымкенттегі БИИК базасында 11 қазан – 1 қараша аралығында өтеді.

- Жиынға шақырылатын құрам белгілі болды ма?

- Иә. Шамамен кімнің баратыны туралы білеміз. Құраманың негізгі мүшелері барады. Алайда жаңа есімдер де бар, мәселен, жарақат алып қалған Селімхан Абубакаровтың орнына аса ауыр салмақтағы Ердос Сайлау келеді. Жалпы алғанда, Ашхабадта үздік нәтиже көрсетіп, мықтылар қатарына кіретін спортшылар барады.

- Талдықорғанда біз Илья Ильинді тақтайтұғырдан көретін боламыз. Қалай ойлайсыз, ол құрамадағы орнын сақтап қала ма?

- Илья – сөзсіз көшбасшы, бұл талқылауға жатпайды. Оның олимпиадалық лицензия үшін күресетініне сенімдімін. Әрине, оның спорттық мәнсабында үлкен үзіліс те болды, бірақ тәжірибенің аты – тәжірибе, оның қолынан келеді деп ойлаймын. Сондай-ақ Зүлфия Чиншанло да допингке қатысты жаза мерзімін өтеді. Оған да үлкен үміт артамыз. Қазірдің өзінде ол жиында жақсы нәтиже көрсетіп жүр.   

- Көп рахмет!


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру