Хоккей 24 Тамыз, 2018 (0) (222)

«Барыс» «Башқұртстан Кубогында» бақ сынайды

Тамыздың 25-і мен 28-і аралығында өтетін бұл бәсекеге «Барыс» хоккей клубы қатысады


Ертең Уфада шайбалы хоккейден Башқұртстан Республикасының кубогы халықаралық турнирі басталады, деп жазады «Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметі.

Тамыздың 25-і мен 28-і аралығында өтетін бұл бәсекеге «Барыс» хоккей клубы да қатысады. 

Айта кетейік, 1999 жылы бастау алатын аталмыш турниге дәстүр бойынша Құрлықтық хоккей лигасының 4 командасы қатысады. Олар: айдын қожайындары «Салават Юлаевтан» бөлек, «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург) және елорданың «Барысы». 

Турнир Регламенті бойынша, әр команда өзара бір-бірімен ойнап шығады да, соңында қайсысының ұпайы көп болса, сонысы жеңімпаз атанады. Жалпы, әу баста екі жылдай «Салават Юлаев» кубогы деген атауға ие болған аталмыш турнир 2011 жылдан бері «Башқұртстан Республикасы Президентінің кубогы» аталып келген екен. Ал қазір турнир «Башқұртстан кубогы» деген атпен танымал. 

«Барыс» Уфаға аттанып та кетті. Команда құрамында 29 ойыншы бар. Бірақ, Уфаға аттанған жігіттердің арасында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Талғат Жайлауовтың есімі жоқ. Мұны команданың бас бапкері Андрей Скабелка былай деп түсіндірді: 

- Талғат маусым алдындағы жиындарды өте тамаша өткерді. Жеке өз басыма, жалпы жаттықтырушылар алқасына оның мұздағы шеберлігі, жеңіске деген құлшынысы қатты ұнады. Алайда, былтырғы және оның алдыңғы жылдағы проблемалары Жайлауовтың командада қалуына кедергі болды. Мұны ойыншының өзі де жақсы түсініп, шешімі жайлы өзі келіп айтты. Ал жалпы, «Башқұртстан кубогы» жылда Құрлықтық хоккей лигасының қарсаңында өтеді. Сондықтан бұл біз үшін маусым алдындағы соңғы сынақ. Уфадағы турнирде команданың негізгі құрамын неғұрлым шыңдай түсуге тырысамыз. Жігіттердің дайындықтарын тексеріп, әртүрлі комбинациялық жаттығуларымызды пысықтаймыз. Сондай-ақ, Башқұртстан астанасына Брэндон Боченски мен Доменик Граховинаны да алып бара жатырмыз. Олар әлі үлкен матчтарда айдынға шығуға дайын емес. Дегенмен, сол жақта командамен бірге жаттығып, бабына қайта келуге тырысады. 

Уфаға аттанған «Барыс» командасының құрамы: 

Қақпашылар: Доминик Граховина, Хенрик Карлссон, Сергей Кудрявцев, Вилен Прокофьев. 

Қорғаушылар: Артём Бакушин, Джесси Блэкер, Кевин Даллмэн, Даррен Диц, Александр Липин, Алексей Маклюков, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Максим Семёнов. 

Шабуылшылар: Павел Акользин, Алихан Асетов, Брендон Боченски, Кёртис Волк, Дмитрий Гренц, Дмитрий Гурков, Патрис Кормье, Иван Кучин, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Андре Петерссон, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Фрэттин Мэттью, Дмитрий Шевченко. 

«Башқұртстан кубогының» ойындар кестесі: 

25.08, сенбі. 

14:00. "Нефтехимик" – "Барыс" 

18:00. "Салават Юлаев" – "Автомобилист" 

26.08, жексенбі. 

16:00. "Автомобилист" – "Барыс" 

20:00. "Салават Юлаев" – "Нефтехимик" 

28.08, сейсенбі. 

16:00. "Автомобилист" – "Нефтехимик" 

20:00. "Салават Юлаев" – "Барыс"


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру