Велоспорт 24 Тамыз, 2018 (0) (205)

Луценко 2018 жылғы Азия ойындарында екінші алтын жүлдесін ұтып алды

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко 2018 жылғы Азия ойындарында екінші алтынын ұтып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан Азияда екінші қыркүйекте аяқталады. Бүгін, 24 тамызда Луценко бөлек басталатын жекелей жарыста үздік болды. 40 шақырымды ол 55 минут, 37.13 секундта өтті. Айта кетейік, мұның алдында Луценко топтық жарыста да үздік шыққан. Осылайша, спортшы жазғы Азия ойындарында қатысқан барлық жарысын ұтты. Енді Қазақстан қоржынында үш алтын, жеті күміс және 19 қола жүлде бар.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру