Футбол 24 Тамыз, 2018 (0) (151)

АПОЭЛ өз алаңында «Астананы» жеңді

УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде АПОЭЛ 1:0 есебімен елордалық «Астананы» жеңді.

Хорватияның «Динамосынан» жеңіліп, Чемпиондар лигасына қатысу мүмкіндігінен айырылған «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту үшін тырысып көрмек. Осы жолда өздеріне жақсы таныс АПОЭЛ-мен күш сынасуда. Алғашқы ойын сырт алаңда өтті. 


Бірінші тайм тең есеппен аяқталды. Қос команданың да есеп ашатын мүмкіндіктері болғанымен, сол мүмкіндіктер голға айналған жоқ. Есесіне, Бабаян шәкірттерінің ширақ қимылы қазақстандық жанкүйерлердің көңілінен шықты. Елордалықтар алғашқы таймда өте тамаша өнер көрсетті.

Ал екінші таймда алаң иелері жоғары деңгейде ойнады деуге болады. Допты өз бақылуында ұстап, жиі шабуылдай бастады. Осындай шабуылдардың бірінде дегеніне жетіп, гол соғып кетті. Жергілікті жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізген голды ойынның 79-шы минутында қорғаушы Кажу соқты.

Дереккөз: prosports.kz/fcastana.kz



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру