Футбол 23 Тамыз, 2018 (0) (567)

Шамиль Газизов Сейдахметтің қашан алаңға шығуы мүмкін екенін айтты

«Уфа» клубының бас директоры осы маусымда Сейдахметтің не үшін алаңға шықпай жатқандығын айтты.

«Сейдахмет негізгі құраммен жаттығуда. 100 пайызға толықтай дайын деп айталмаймын. Бәлкім, «Зенитке» қарсы ойнайтын ойыншылардың тізіміне енуі мүмкін. Дайындығы әзірге тұрақты деңгейде.» - деп айтқан болатын.

Еске сала кетейік, шотландиялық «Рейнджерске» қарсы өтетін кездесудің ойыншылар тізіміне Сейдахмет енген болатын. 30 тамыз күні Уфада өтетін жауапты кездесуде алаңға шығуы әбден мүмкін.

Дереккөз: "Уфа" клубының ресми VK парақшасы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру