Велоспорт 22 Тамыз, 2018 (0) (207)

«Астана» «Вуэльта» көпкүндігіне қатысатын құрамын жариялады

«Астана» велоклубы Пиреней түбегінде өтетін мәртебелі «Вуэльта Испания» көпкүндігіне қатысатын құрамын жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, «Вуэльта» көпкүндігі биыл тамыздың 25-і мен қыркүйектің 16-сы күндері Испания жерінде өтеді. 21 кезеңнен құралатын көпкүндікте «Астана» велоклубын колумбиялық шабандоз Мигель Анхель Лопес бастап шығады. Ал оның грегарилері Пельо Бильбао (Испания), Дарио Катальдо (Италия), Омар Фраиле (Испания), Ян Хирт (Чехия), Никита Стальнов (Қазақстан), Давиде Виллелья (Италия) және Андрей Зейц (Қазақстан). Ал спорт директорлары Александр Шефер, Дмитрий Седун, Стефано Занини.

Жалпы, биыл «Вуэльта» көпкүндігіне 22 команда қатыспақ. Оның 18-і әлемдік командалар. «Астана» шабандоздары «Вуэльтаны» 3 рет жеңіп алыпты. Алдымен 2006 жылы Александр Винокуров турнирді қызыл жейдемен аяқтаған. Кейін 2008 жылы Альберто Контадор топ жарған. Ал 2015 жылы Фабио Ару бірінші орынды иемденген.

Биылғы жарыстың сөресі Малага қаласында басталып, мәреге Мадридте жетеді.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру