Сұхбат 22 Тамыз, 2018 (0) (195)

Ирина Эктова: "Азия ойындарында мүмкіндігімді толық көрсеткім келеді"

Көптен күткен Азия ойындары да басталып кетті. Енді жеңіл атлеттердің жарыс жолына шығуын күтеміз. «Спорт падишасының» өкілдері 25 тамыздан бастап өнер көрсетеді. 

Әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысы 30 тамызға белгіленген. Елімізден Ольга Рыпакова мен Ирина Эктова қатысады. Бұл туралы "Аламан" спорт сайты Ирина Эктовадан сұхбат алған kazathletics.kz сайтына сілтеме бере отырып, хабарлайды. 

Жақында танымал, тәжірибелі атлет Ирина Эктова аз-кем сұхбаттасқан едік. Отандасымыз осы жылы жабық кешендегі Азия чемпионатында топ жарды. Ал Ғұсман Қосанов Мемориалында араға бірнеше жыл салып, қайтадан көрсеткішін 14 метрден асырды. ОсылайшаЭктова Жакартаға жоғары көңіл күймен аттанды.

– Біздің ұлттық құрама 10 тамыздан бері Малайзияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Мен отбасылық жағдайларға байланысты қатарға кеш қосылдым. Оның өзіндік себебі бар. Бас бапкер бұл жағынан хабардар. Алматыдағы Қазақстан чемпионатынан кейін өзіміздің Солтүстік Қазақстан облысында дайындалдым. Петропавлда жеңіл атлеттерге жақсы жағдай жасалған. Куала-Лумпурде техникалық жаттығуларға мән бердік. Енді Жакартада мүмкіндігімді толық көрсеткім келеді.

– Азия ойындарында қандай мақсат қойып отырсыз?

– Үш қарғып секірушілерден халық үлкен үміт күтіп отыр. Біздерден тек жүлде күтетінін жақсы түсінемін. Бірақ алдын ала жоспар құрып, болжам жасағанды ұнатпаймын. Ең бастысы, Ғұсман Қосанов Мемориалында көрсеткен нәтижемнен жоғары болса деп отырмын. Егер, 29 маусымдағы секірген 14.07 метрден ассам керемет болар еді. Жалпы, бәсекелестіктің жоғары болғаны дұрыс. Сол кезде спортшылар арасында азарт басталады. Эмоция – жарқын жеңістерге себепші.

– Биылғы жыл сіз үшін сәтті басталғандай...

–Жалпы алғанда былтырғы жылмен салыстырғанда барлығы да ойдағыдай өтіп жатыр. Бапкеріміз екеуіміздің алдыға қойған мақсатымыз біртіңдеп орындалып келе жатыр. Көптеген жарыстарға қатысып, спорттық бабымды жоғалтпауға тырысудамын. Біздің ең басты мақсатымыз Азия ойындарында жақсы өнер көрсету. Жыл басынан бері жасап келе жатқан дайындығымыздың жемісін осы Ж акартада көремн деп үміттенемін.

Сіз осыдан 4 жыл бұрын Оңтүстік Кореяда өткен жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткіздіңіз.Инчхондағы жарыс есіңізде болар?

– Мен Азия ойындарына алғаш рет осы Оңтүстік Кореяда қатыстым. Алғашқы жарысымда қола жүлдеге ие болдым. Ольга Рыпакова сенімді түрде чемпион атанды. Мен соңғы мүмкіндігімде 13.77 метрді бағындырып, үштікке ілінген едім. Инчхондағы Азия ойындары менің есімде жақсы жағынан есте қалды. Бірінші рет қатысып, жүлде алғаныма қуанған едім.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру