Футбол 22 Тамыз, 2018 (0) (182)

Футзалдан Қазақстан студенттер құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

Әлем чемпионаты Алматы қаласында өтіп жатыр.


Футзалдан Қазақстан Студенттер құрамасы Алматыда өтіп жатқан Әлем Чемпионатында өз тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. 

Топтық кезеңнің шешуші ойынында біздің құраманың ойыншылары Беларусьпен тең түсті - 1:1. Кездесудің тоғызыншы минутында Арнольд Кнауб есеп ашып, Қазақстанды алға шығарды. 
Беларусь құрамасы араға бес минут салып таразы басын теңестірді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде жеті ұпай жинап, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру