Футбол 21 Тамыз, 2018 (0) (135)

«Валенсия» мен «Атлетико Мадрид» тең ойнады

Испания чемпионатының бірінші турында «Валенсия» өз алаңында «Атлетико Мадридпен» кездесті.

Есепті бірінші болып мадридтік клуб ашты. Матчтың 26-минутында  Антуан Гризманн берген керемет пастан соң жартылай қорғаушы Анхель Корреа гол соқты. 56-минутта алаң иелерінің шабуылшысы Родриго  гол соғып, есепті теңестірді. Қорытынды есеп 1 – 1.

Екінші турда «Валенсия» қонақта «Эспаньолмен» ойнаса, «Атлетико Мадрид» өз алаңында «Райо Вальекано» клубын қабылдайды.


Матчтың толық бейнешолуын мына сілтеме арқылы көруге болады.




Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру