Бокс 20 Тамыз, 2018 (0) (186)

WSB финалының өтетін орны белгілі болды

Дүниежүзілік бокс сериясы финалының өтетін уақыты мен жері белгілі болды. Бұл туралы «Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Похожее изображение

«Астана арландары» боксшылары мен «Куба батырлары» қыркүйектің 26-сы мен 28-і күндері Қытайда жұдырықтасады. Жекпе-жектер Қытайдың Сямын және Цзинцзн қалаларында өтеді. Бұл туралы «Астана арландары» бокс клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Бүгінде бас бапкер Нұрлан Ақүрпеков бастаған боксшылар WSB финалына Астанада дайындалып жатыр. Бірқатар боксшылар Жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Джакартаға аттанып кетті. Келген соң командаға қайта қосылады. Қыркүйек айында финалға тыңғылықты дайындық басталады, - деді «Астана арландарының» баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалда «Астана арландары» Ұлыбританияның «Арыстан жүректілерін» тізерлетсе, «Куба батырлары» «Франция әтештерінен» үстем түскен.

«Астана арландары» – Дүниежүзілік бокс сериясының үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ, бір рет күміспен күптеліп, үш рет қолаға қол жеткізген. Ал «Куба батырлары» осы жобаның екі дүркін жеңімпазы және екі рет күміс иеленген.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру