Футбол 20 Тамыз, 2018 (0) (419)

Қазақстан құрамасына шақыртылған футболшылардың тізімі белгілі

УЕФА Ұлттар Лигасындағы Қазақстан мен Грузия арасындағы ойын 6 қыркүйек күні Астанада өтеді

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы екі ойынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»); 

Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (барлығы - «Астана»), Гафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин (екеуі де - «Қайрат»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»); 

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Ян Вороговский, Магомед Парагульгов, Георгий Жуков (барлығы - «Қайрат»), Бактиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков (екеуі де - «Астана»); 

Шабуылшылар: Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин, Роман Мұртазаев (еуеуі де - «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей). 

УЕФА Ұлттар Лигасындағы Қазақстан мен Грузия арасындағы ойын 6 қыркүйек күні сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында басталады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру