Футбол 20 Тамыз, 2018 (0) (151)

Қазақстан құрамасы әуесқойлар арасында Еуропа чемпионатының жүлдегері атанды

Киевте өткен турнирге 16 команда қатысты

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Албания (1:0) мен Ирландия (3:0) құрамаларын ұтып, Болгария мен Босния және Герцеговина құрамаларымен тең түсті (екі ойын да 1:1 есебімен аяқталды). 

Ширек финалда біздің команда Сербиядан 2:1 есебімен басым түсті. Ал, жартылай финалда Румынияға жол берді. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, матч соңындағы пенальти сериясында Румыния дәлдік танытты - 1:3. 

Үшінші орын үшін өткен ойында Қазақстан Англияны 2:0 есебімен ұтты. Жеңіс голдарын Дидар Сыдықбек пен Ержан Жарылғағанов соқты. Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша қола жүлдені иеленді.

Финалда Румынияны жеңген Чехия турнир жеңімпазы атанды.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру