Футбол 20 Тамыз, 2018 (0) (176)

"Реал Мадрид" Испания чемпионатын жеңіспен бастады

Испания чемпионатының бірінші турында "Реал Мадрид" өз алаңында "Хетафе" клубымен кездесті.

Бірінші таймда "Хетафе" қақпашысының қателігінен кейін корольдік клубтың қорғаушысы Дани Карвахаль кездесудің алғашқы голын соқты.  51-минутта Асенсионың пасынан кейін Гарет Бэйл екінші голды салды.

"Реал Мадрид" Испания чемпионатын жеңіспен бастады. Екінші турда корольдік клуб 27 тамыз күні "Жирона" клубымен қонақта ойнайды. "Хетафе" 25 тамыз күні өз алаңында "Эйбар"  футболшыларымен кездеседі.

Матчтың толық бейнешолуын мына сілтеме арқылы көруге болады.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру