Күрес 19 Тамыз, 2018 (0) (232)

Азиада-2018: Данияр Қайсанов күміс жүлдегер атанды

Бүгін Джакартада еркін күрестен бес салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

74 келі салмақта белдескен Данияр Қайсанов ақтық сынға дейін шықты. Финалда өзбек балуаны Бекзат Абдурахмоновтан 2:3 есебімен ұтылып қалды. 

Осылайша, Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы алғашқы күміс жүлдені салды. 

Ал 65 келі салмақ дәрежесінде күрескен Саятбек Оқасов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол үшінші орын үшін болған белдесуде түркмен палуаны Батыр Боржаковты 5:2 есебімен жеңді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру