Футбол 19 Тамыз, 2018 (0) (213)

"Ювентус" сырт алаңда "Кьево" клубын жеңді

Италия чемпионатының бірінші турында "Ювентус" 3:2 есебімен "Кьево" клубын жеңді. Роналду алғашқы ойынында гол соға алмады.

Кездесудің үшінші минутында "Ювентустың" жартылай қорғаушысы Хедира алғашқы голды салды. Стемпеньски (38-минут) және Джаккерини (56-минут) қатарынан екі гол соғып, есепті "Кьево"  пайдасына 2:1-ге жеткізді. 75-минутта "Кьево"  ойыншысы Бани өз қақпасына гол соқса, 90-минутта Бернардески "Ювентустың" үшінші голын соғып, командасының үш  ұпай алуына септігін тигізді. Алғашқы турды "Ювентус" жеңіспен бастады. Италия чемпионатында алғаш рет ойнаған Криштиану Роналду гол соға алмады.    


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру