Футбол 17 Тамыз, 2018 (0) (201)

25 жылдан соң Клаудио Маркизио «Ювентустан» кетті

«Ювентустың» жартылай қорғаушысы Клаудио Маркизио италияндық клубтан кетті.


Маркизио клубымен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдаған. 32 жастағы жартылай қорғаушы - Турин клубының тәрбиеленушісі. Онда 25 жыл футбол мансабын өткізді. 

1993 жылы «Ювентус» клубының академиясына алғаш келген. 2006 жылдың тамызында негізгі құрамда алғашқы ойынын өткізді. Италияндық клубта барлығы 389 ойын өткізіп, 37 гол салған.

Ол жеті рет Италия чемпионатын, үш рет - ел кубогының және Италия суперкубогынде төрт рет жеңімпаз атанған.


Дереккөз: Ювентус клубының ресми сайты. Сурет: zimbio.comreadfootball.com




Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру