Футбол 16 Тамыз, 2018 (0) (183)

«Қайрат» өз алаңында «Сигма» клубынан жеңілді

16 тамыз күні УЕФА Еуропа Лигасының 3-іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» «Сигма» клубына қарсы жауапты кездесуін өткізді. Алматыда өткен ойында халық командасы аталған "Қайрат" 1:2 есебімен жеңілді.

Қайрат кездесуді сенімсіз бастады. Алғашқы минутттарда қорғаныста жағдайдың дұрыс еместігі көрінді. 19-минутта чехиялық клубтың ойыншысы Неспор «Сигма» клубын есепте алға шығарды.

Екінші таймда Хоушка айып соққысын орындап,Чехия клубының пайдасына екінші голды салды.

61-минутта қосалқы құрамнан кірген Эппель есепті қысқартты. Бірақ ойынның соңына дейін «Қайрат» гол соға алмай, 1:2 есебімен жеңілді. Қос ойынның қорытынды есебі – 1:4. "Сигма" клубы УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты. 

Сурет: ФК Кайрат   







Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру