Футбол 16 Тамыз, 2018 (0) (209)

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға көтерілді

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 1167 ұпай жинап, ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде бір сатыға көтерілді. Қазір Қазақстан құрамасы 116 орында тұр.

Маусым айының басында Станимир Стоилов командасы Әзірбайжан құрамасымен жолдастық матч өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

6 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасында алғашқы ойынын өткізеді. Қарсылас - Грузия құрамасы. Ойын «Астана Арена» стадионында 20:00-де басталады. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру