Футбол 16 Тамыз, 2018 (0) (167)

«Реал» — «Атлетико» кездесуінен бес дерек

УЕФА Суперкубогы аясында өткен кездесуде «Реал» «Атлетико» клубынан 2:4 есебімен жеңілді. Ойын 15 тамыз күні Эстонияда Таллин қаласында өтті.

1. «Реал» 18 жылда бірінші рет халықаралық кубок бәсекесінде ұтылды. Соңғы рет корольдік клуб Континентаралық кубок атанған турнирде 2000 жылдың қараша айында «Бока Хуниорстан» 1:2 есебімен жеңілген. Сол ойыннан кейін «Реал» халықаралық ойындарда 13 рет финалға шығып, барлығын жеңген.

2. «Атлетико» УЕФА Суперкубогын үшінші рет жеңді. Енді үш рет жеңген клуб атанып, төртінші орында «Ливерпульмен» теңесті. Ең көп «Барселона» және «Милан» бес рет жеңген. «Реал» төрт Суперкубоктың жеңімпазы атанған. 

3. Суперкубок УЕФА тарихында ең жылдам соғылған голдың авторы Диего Коста атанды. «Атлетико» клубының шабуылшысы 49-секундтан кейін, гол салған болатын. 

4. Серхио Рамос «Атлетико» қақпасына бесінші голын салды. 2011 жыл. Испания Кубогының ¼ финалы. 2014 жыл. УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы. 2015 жыл. Испания Кубогының ¼ финалы. 2016 жыл. УЕФА Чемпиондар лигасының финалы. 2018 жыл. УЕФА Суперкубогы. 

5. Диего Симеоне «Реал» клубын үш түрлі финалда жеңген «Атлетико» клубының алғашқы бапкері болды. 1.Испания Кубогы. 2. Испания Суперкубогы. 3. УЕФА Суперкубогы. 

 Дереккөз: sport-express.ru


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру