Футбол 15 Тамыз, 2018 (0) (156)

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның құрамы белгілі

19-26 тамыз аралығында Алматы студенттер арасында футзалдан Әлем Чемпионатын қабылдайды.

ТМД аумағында алғаш рет өткізіліп отырған жарысқа 16 ерлер, 9 әйелдер командасы қатысады. Бұған дейін, студенттер арасында футзалдан Әлем Чемпионаты Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Финляндия, Венгрия, Польша, Словения, Сербия және Кипр елдерінде ұйымдастырылды. 

Чемпионаттың ойындары Алматы қаласындағы «Almaty Arena» және «Halyk Arena» спорт кешендерінде өтеді. Финал 26 тамыз күні «Almaty Arena» спорт кешеніне жоспарланған.

Футзалдан Қазақстан ұлттық студенттер құрамасы

Қақпашылар: Нұрәлем Байдолла, Асылжан Алин.

Алаңдағы ойыншылар: Ұлан Жақсылықов, Ерсүлтан Сағындықов, Ақжол Дәрібай, Антон Рындин, Біржан Оразов (к), Арнольд Кнауб, Ақеділ Мадияров, Дәурен Тұрсағұлов, Владислав Черномордов, Болат Сарбасов, Нұрабек Қабылбаев, Шыңғыс Барашев.

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Күлбарақов, Жақсылық Байсариев.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру