Күрес 15 Тамыз, 2018 (0) (179)

Марат Данайбаев: Әйелдер құрамасы Азиадада 3 жүлде алуды жоспарлап отыр

Джакартада өтетін XVIII Азия ойындарында Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы 3 жүлде алуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасының бас бапкері Марат Данайбаев мәлімдеді.

- Қазіргі таңда дзюдодан әйелдер құрамасы Азия ойындары алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарына дайындалуда. Әдеттегідей, Азия ойындарына қатысушылар 2018 жылдағы ресми жарыстардағы көрсеткіштеріне қарай жасақталды. 7 салмақ бойынша татамиде күресетін қыздар құрамасына 1 алтын және 2 қола жүлдені жоспарлап отырмыз, - дейді дзюдодан Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасының бас бапкері Марат Данайбаев дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, Джакартада Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек арасында өтеді. Ал татами шеберлері 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өзара мықтыны анық тайды. Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы 25 тамыз күні Астана қаласынан Джкартаға Азия ойындарына аттанады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру