Футбол 14 Тамыз, 2018 (0) (253)

«БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар Лигасының 1/16 финалына шықты

Қазақстандық «БИІК-Қазығұрт» командасы еуропалық турнирдің топтық кезеңіндегі барлық ойында жеңіске жетті.

Алғашқы матчта «БИІК-Қазығұрт» командасы жігерлі жеңіске жетті. Грекияның «Академия Элпидес Кардитсас» командасына ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды - 2:1. Біздің командадан Гүлнара Габелия мен Фазила Иквапут көзге түсті.

«БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) - «Академия Элпидес Кардитсас» (Грекия) - 2:1 (1:1)

Голдар: Габелия 18, Иквапут 69 - Ариса 7

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк (к), Розенкуист, Габелия, Құлмағамбетова (Берд 82), Литвиненко (Иквапут 64), Машкова, Мясникова, Ихезуо, Адуле (Бабшук 88), Кравец, Корт.

Төрешілер: Аседо, Аломан (екеуі де - Испания), Витола (Латвия)

07.08.2018. Рига. «Спортцентр Аркадия» стадионы.

Екінші кездесуде «БИІК-Қазығұрт» командасы ірі жеңіске қол жеткізді. Олар Латвияның РФШ командасын 5:0 есебімен жеңді. Гол соққан футболшылар - Мадина Жанатаева, Чинвенду Ихезуо, Фазилы Иквапут және Екатерина Бабшук.

«БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) - РФШ (Латвия) - 5:0 (3:0)

Голдар: Жанатаева 4, Ихезуо 7, Иквапут 45+1, 59, Бабшук 83

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк (к), Розенкуист, Бабшук, Жанатаева, Габелия (Хайрулина 61), Иквапут, Машкова, Мясникова (Жолчиева 52), Ихезуо (Бортникова 71), Берд, Кравец.

Төрешілер: Кулмала, Хювенен (екеуі де - Финляндия), Аломан (Испания)

10.08.2018. Рига. «Спортцентр Аркадия» стадионы.

Соңғы ойында «БИІК-Қазығұрт» командасы Австрияның «Ландхаус» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Гол соққандар - Гүлнара Габелия және Черити Адуле.

«Ландхаус» (Австрия) - «БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) - 0:2 (0:2)

Голдар: Габелия 35, Адуле 39

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк (к), Розенкуист, Габелия (Иквапут 90+1), Құлмағамбетова, Литвиненко (Берд), Машкова, Мясникова, Ихезуо, Адуле (Бабшук 61), Кравец, Корт.

Төрешілер: Аседо, Аломан (екеуі де - Испания), Витола (Латвия)  

13.08.2018. Рига. «Спортцентр Аркадия» стадионы.

Шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» өз тобында бірінші орын алып, Чемпиондар Лигасының 1/16 финалына шықты.  1/16 айналымының жеребе тарту рәсімі 17 тамыз күні өтеді. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру