Велоспорт 14 Тамыз, 2018 (0) (162)

Алексей Луценкоға сенім артылмақ

«Астана» президенттік клубының баспасөз қызметі Джакарта (Индонезия) қаласында өтетін жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын -велошабандоздар тізімін жариялады, деп жазады alaman.kz порталы.


18-тамыз күні бастау алатын жазғы ойындарда Алексей Луценко, Евгений Гидич, Жандос Бижігітов және Даниил Фоминых (барлығы «Астана» велоклубы) төрттігі бақ сынайды.

Жарыс алдында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Асан Базав: «Дайындық жақсы өтті. Италияда тау бөктерінде дайындалдық. Артынша Польша турына қатыстық. Егер жарысқа дейін жарақат алып қалмаса, Джакартада бәрі жақсы болады деп ойлаймын» деп, жігіттердің бабында екендігін мәлімдеді.

 «Командалық жарыс жайлы айта алмаймын. Өйткені, бұл сәттіліктен тұратын бағдарлама. Мақсатымыз – топтық жарыста көш бастау немесе жекелей жарыста чемпион болу. Алексейге көп сенім артамыз. Бір алтын медаль жеңуге тиіспіз» деген бапкер, бар ауыртпалықтың Алексей Луценкоға түсетіндігін жасырмады.

Жарыс кестесіне көз жүгіртсек, ұлттық құрама 23-тамыз күні 150 шақырымнан тұратын топтық кезеңге қатысады. Араға бір күн салып Алексей Луценко 40 шақырымнан тұратын жекелей жарысқа қатысады.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру