Хоккей 13 Тамыз, 2018 (0) (214)

Шайбалы хоккейден ҚР Президент кубогы мәресіне жетті

Елордамызда шайбалы хоккейден ҚР Президент кубогы мәресіне жетті. Төрт күнге созылған дүбірлі додада бас жүлдені Ресейдің «Амур» командасы жеңіп алды.

Алғашқы ойында Хабаровскінің командасын тізе бүктірген «Барыс» қалған екі кездесуінде жеңіліп қалды. Алдымен «Нефтехимик» командасына есе жіберсе, турнирдің соңғы күнінде Қазақстан құрамасынан ұтылды.

Бас жүлде «Амур» клубына бұйырды. Турнирдің соңғы күнінде Хабаровскіден келген қонақтар «Нефтехимикті» 2:1 есебімен тізе бүктіріп, Президент кубогының иегері атанды. Екінші орын Ресейдің екінші командасына бұйырса, «Барыс» үшінші орынды қанағат қылуға мәжбүр болып, турнирді өте тамаша аяқтаған Қазақстан құрамасы 4-ші орынмен қорытындылады.

Енді «Барысты» Башқұртстан астанасы «Уфада» өтетін Республика кубогы күтіп тұр.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру