Жекпе-жек 12 Тамыз, 2018 (0) (186)

Арман Оспанов Мәскеуде жұдырықтасады

Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы АСВ ұйымы ресми мәлімдеді.

10 қараша күні Мәскеуде өтетін ACB 90 турнирінде Арман Оспанов пен Расул Мирзаев сегізбұрышта жұдырықтасады.

Сұңқар соңғы кездесуін өткен жылы желтоқсан айында өткізген. Сол күні Оспанов ресейлік Алексей Полпудниковке есе жіберген еді. Мамыр айына Акоп Степанянға қарсы жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалды.

Ал Расул болса осы жылдың сәуір айында Fight Nights 86 турнирінде ADCC ережелері бойынша өткен жекпе-жекте Ержан Естановты жеңіп кеткен еді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру