Футбол 07 Тамыз, 2018 (0) (240)

Желаяқ Болт австралиялық футбол клубымен келісім-шартқа отырды

Ямайка "қара маржаны", Олимпиаданың 8 дүркін чемпионы Усейн Болттың футболға деген қызығушылығын күллі әлем біледі. Ол жақында Австралияның "Сентрал Кост Маринерс" клубымен жаттығу жасауға келісім-шарт жасады.

Әрине бұл Болттың футбол ойнап кетуіне мүмкіндік береді деген сөз емес. Қызығушылықтан туған дүние ғана. Бұған дейін дортмундтық "Боруссия" және Норвегияның "Стремгодсет" клубтарында жаттығып үлгерген 31 жасар желаяқтың ісін "еріккеннің ермегіне" балайтындар жоқ емес. Дегенмен футболға деген сүйіспеншілік осындай қадамдарға бастады. Болттың өзі футболшы болуды армандағанын жиі қайталаудан жалықпайды.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру