Футбол 07 Тамыз, 2018 (0) (201)

"Астана" Загребтің "Динамосына" жол берді

Негізі бәріміз "Астана" футбол клубының сенсацияларына үйреніп қалғанбыз. Сенсация дейміз-ау, елордалық клуб UEFA клубтық рейтингінде 55-орында. Алайда хорватиялықтардың атынан қазір ат үркіп тұр.

     "Динамоның" футбол академиясы - Еуропадағы танымал әрі беделді футбол ұстаханаларының бірі. Модрич, Манджукич сынды серкелерді әлемге әйгілі еткен ұжым "Астанаға" қарсылас атанғанда тіксініп қалғанымыз жасырын емес. Алайда Кляйнхайслер, Шомко, Томасов пен Мұжықовтар бірнеше соққы бағыттаған. Дегенмен, деңгейдің аты - деңгей, Загребтік ойыншылар 12 соққы жасап, соның бесеуін қақпаға дәл тебе білді. Ал оның екеуі голға айналды. "Астана" допқа көбірек иелік етсе де, қақпаға дәлме-дәл соққы бағыттай алған жоқ. 39-минутта қонақтар сапынан Будимир есеп ашқан. Екінші тайм соңына таман Ольмо есепті ұлғайтып кетті. Сөйтіп алаң иелерінің плей-офқа шығу мүмкіндігін мүлде азайтып жіберді. Қарымта ойын бар десек те, қарсыластың алаңында жеңіске жету қиынның қиыны екенін мойындау керек. Бұл жұптың жеңімпазы плей-офф кезеңінде швейцариялық "Янг Бойз" командасымен ойнайды.

"Астана" (Астана, Қазақстан) - "Динамо" (Загреб, Хорватия) - 0:2

Голдар: Будимир, 39, Ольмо, 84

Ескерту алғандар: Маевский, 50 - Хайрович, Столянович, 41, Гояк, 70

7 тамыз. "Астана Арена", Астана қаласы. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру